2024 жылғы 28 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеп-тексеру бойынша әйел тергеушілерді мамандандыру, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметі туралы мәселелер қаралды.
Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева отырысты аша отырып: «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшенің штат санын көбейту және әйел тергеушілерді әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша мамандандыру жөнінде Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Тапсырмалар орындалды.
Биыл Ұлттық комиссияның негізгі күші «Заң және тәртіп» қағидатын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарды тергеу жүйесін жетілдіру мәселесі - Ұлттық комиссияның бақылауында.
Біздің міндетіміз – әйел тергеушілердің қолда бар әлеуетін пайдалана отырып, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңның сақталуын және толыққанды орындалуын қамтамасыз ету» -, деп атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пен Ұлттық комиссия мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарова сөз сөйледі.
ІІМ құрылымындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшенің штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеумен 261 әйел-тергеуші айналысады.
Осы құрылымдардың қызметіне мониторинг жүргізу бұл тәжірибені енгізу әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарды тергеудің тиімділігіне оң әсер еткенін көрсетті. Бұған жәбірленушілер, оның ішінде балалар қылмыстың мән-жайларын ашқан кезде әйел қызметкерлерге зорлық-зомбылық құрбандарының сенім білдіруі ықпал етті, бұл дәлелдерді бекіте отырып, жасалған зорлаудың барлық деректерін уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік берді.
Құрылған топтардың тиімді жұмыс істеуі үшін қызметтің ұйымдастырушылық негіздері, оның ішінде әйел тергеушілердің осы қылмыстық істерді айрықша тергеуі туралы талаптары айқындалған қағидалар әзірленіп, бекітілді.
ІІМ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері ағымдағы жылы 16 мың бұзушылықтың жолын кесті, 91 мың дебошир әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 24 мыңы қамауға алынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Мобильді топтар мекен-жайы бойынша 33 мыңнан астам отбасын қарап, көмекке мұқтаж 1 мыңнан астам отбасын анықтады.
Ұлттық комиссия «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп «Бір қадам» «One-Stop-Service» пилоттық жобасына бастамашылық жасады, жобаны Айман Омарова басқарады. Жоба ағымдағы жылы 46-дан астам қылмыстық істі қарады, олардың көпшілігі балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Өтініш білдірген 669 әйелдер мен балалар шұғыл құқықтық, психологиялық және сараптамалық көмек алды. Өтініштердің негізгі бөлігі тәуліктің түнгі уақытына – 23-тен таңғы 04-ке дейін келеді.
Жоба өзінің сұранысы мен тиімділігін көрсетті. Ағымдағы кезеңде жоба шеңберінде талап-арыздар берілді, соның негізінде кәмелетке толмағандарды бүлдіру, зорлау, қудалау, қорқыту, түрмедегі зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде кісі өлтіру бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, пысықтауды талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Бүгінде зорлық-зомбылық құрбандары бар дағдарыс орталықтарында тергеу әрекеттерінің 34%-ы жүргізілуде (қалғандары бойынша-ІІО ғимараттарында). Дағдарыс орталықтары жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде НҚА-ға өзгерістер енгізу қажет.
Полиция органдарының ғимараттарындағы, тергеу изоляторларындағы кәмелетке толмағандардан жауап алу бөлмелері нашар халде. Қазіргі уақытта полиция органдарының үй-жайларының 50%-ы тозған және авариялық жағдайда, 30%-ы қолданыстағы нормативтерге (техникалық, санитарлық, пайдалану нормаларына, өрт қауіпсіздігі, инженерлік-техникалық нығайту және терроризмге қарсы қорғау талаптарына) тиесілі емес.
Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасын қадағалауды жалғастырады. Бұл жұмыстың тиімділігі құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бей-жай қарамайтын азаматтардың келісілген жұмысы қаншалықты сәтті құрылатынына тікелей байланысты болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасы А.Балаева мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.