Қазақстанда отбасы институтын нығайтуда жоспарлау мәдениетінің орны ерекше. 2023 жылы елімізде бір әйелге шаққандағы туу коэффициенті шамамен 3 бала деңгейінде болды. Бұл – халықтың табиғи өсім әлеуетін айқындайтын оң көрсеткіш. Алайда соңғы екі жылда туу қарқыны бәсеңдеп келеді. 2024 жылы дүниеге келген нәрестелер саны 365 мыңға дейін төмендеді, ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа туғандар өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға азайды.
Бұл деректер отбасын жоспарлаудың өзектілігін көрсетеді. Жоспарлау – бала санын шектеу емес, ең алдымен дені сау, қалаулы ұрпақтың дүниеге келуіне жағдай жасау, ата-ананың мүмкіндіктеріне сай ресурстарды дұрыс бөлу. Жоспарлы отбасында балаларға көбірек көңіл бөлініп, сапалы білім, медициналық көмек және тұрақты қамқорлық қамтамасыз етіледі.
Қазақстан әйелдерінің басым бөлігі контрацепция әдістерін жақсы біледі әрі қолдану деңгейі де жаман емес. Дегенмен жоспарсыз жүктіліктердің әлі де кездесуі – ақпараттық-ағартушылық жұмысты жетілдірудің қажеттілігін айғақтайды.
Отбасын жоспарлау – демографиялық тұрақтылыққа жетудің маңызды тетігі. Ол ата-аналардың жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, еңбек нарығы мен әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін салмақты тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдағы тұрақтылық пен ұзақмерзімді дамудың кепілі.
Ұлттық комиссия тұрғысынан алғанда, жастарды жауапты ата-ана болуға, отбасы құндылықтарын қадірлеуге және саналы таңдау жасауға үйрету – басты міндеттердің бірі. Алдағы жылдары осы бағыттағы ақпараттық жұмыстарды кеңейту, денсаулық сақтау ұйымдарымен және білім беру мекемелерімен бірлесе әрекет ету айрықша маңызды.