Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сіздерді шын жүректен шуақты да тағылымды мереке — Халықаралық отбасы күнімен құттықтайды!
Бұл мейрам – әрбір азамат үшін аса қымбат, жүрекке жақын күн. Өйткені тату да берекелі, бақытты отбасы – еліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан, мызғымас рухани және әлеуметтік іргетасы. Әрбір әулеттің өмір жолы, бірнеше буынның тағдыры – Тәуелсіз Қазақстанның шынайы шежіресі.
Мемлекет басшысы отбасының қоғамдағы орнына, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына айрықша көңіл бөліп келеді. Себебі дәл осы шағын ортада бала алғаш рет өзін қауіпсіз сезінеді. Оның тән саулығы мен жан тыныштығы да отбасынан бастау алады. Осы ортада саналы ата-ана болу мәдениеті қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы, сүйіспеншілік пен ізгілік жалғасын табады. Бұл – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізгі кепілі.
Өмірдің сан алуан сынақтарын бірге еңсеріп, жылдар бойы сүйіспеншілігі мен жарасымын сақтап келе жатқан отбасыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Сонымен бірге отау тіктеп, жаңа өмірге нық қадам басқан жас шаңырақ иелеріне бірлік пен береке, махаббат пен татулық тілейміз!
Халықаралық отбасы күні құтты болсын!
Әр шаңырақта татулық, мейірім мен жылылық, шексіз бақыт пен баянды махаббат орнасын!