Бейжің әйелдер федерациясының шақыруымен 9 қыркүйек күні ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелерінің гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Қытайға танысу сапары басталды.
Сапардың алғашқы күнінде делегация мүшелері Бейжің әйелдер федерациясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Әсіресе әйел-кәсіпкерлердің интеллектуалды өндіріс саласындағы тәжірибесі, ұлттық трендтерді ілгерілетуі, отандық сән брендтері мен жеке маркаларын дамытудағы қытайлық үлгі үлкен қызығушылық тудырды. Отбасылық құндылықтарды сақтай отырып бизнесін дамытып жүрген әйелдерге ерекше қолдау көрсетіледі. Бейжің әйелдер федерациясы мұндай табысты аналардың балаларына білім алуға грант бөледі. Бұл – әйелдердің кәсібін өркендетіп қана қоймай, отбасының да болашағына серпін беретін маңызды бастама.
Сапардың екінші күні Ұлттық комиссия мүшелері Қытай және шетел әйелдері мәселелерін зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлерімен және Бейжің университетінің профессорларымен кездесті.
Бейжің университетінің Жоғарғы кеңесі директорының орынбасары Е. Цзиньи қазақстандық делегацияны демография мен гендерлік теңдік мәселелерін шешуде алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды.
Өз кезегінде делегация жетекшісі, ҚРПрезидентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Жанылысқызы Сүлеймен қатысушыларды Ұлттық комиссия жүзеге асырып жатқан табысты жобалармен таныстырды. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 950 әйелді қамтыған «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы іске асырылды. Ал әйелдердің цифрлық құзыретін арттыруға бағытталған «IT-Әйел» жобасы 3 мыңнан астам жұмыссыз және декреттік демалыстағы әйелдердің еңбекке араласуына мүмкіндік берді.
Ұлттық комиссия мүшесі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Жұлдыз Дәулетбаева қазақстандық әйелдердің ғылымды дамытудағы рөлі туралы баяндады. Оның айтуынша, елдегі зерттеуші мамандардың ішінде әйелдердің үлесі 55%-ға жеткен. Сондай-ақ профессор мемлекеттік басқару академиясының әйел мемлекеттік қызметшілерге саяси лидерлік бойынша білім берудегі елеулі үлесін атап өтті. Мысалы, 2024 жылы «Карьера және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» және «Әйел көшбасшылығы» тақырыптарындағы семинарлар аясында Астана қаласында 76, өңірлік филиалдарда 800 мемлекеттік қызметші оқытылған.
Екі тарап та әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі серіктестікке дайын екендіктерін білдірді.