Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау – Ұлттық комиссия назарында
Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жай-күйін мониторингтеу аясында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері – Гаухар Нұрахметова мен Сұңқар Хангелдина Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар денсаулығы орталықтарының қызметін тексерді.
Мониторингтік топтың жұмысына ШҚО әкімі жанындағы әйелдер және отбасы істері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Зарина Камасова қатысты.
Комиссия өкілдері «Вита», «Үміт», «Менің отбасылық амбулаториям» Жастар денсаулығы орталықтарына, сондай-ақ Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөліміне барды. Бұл мекемелер фертильді жастағы әйелдерге, жасөспірімдерге және қыз балаларға кешенді медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді: диагностикадан бастап отбасын жоспарлау мен психоэмоциялық ахуал бойынша кеңес беруге дейін.
Өскемен қаласында «Күш біріктірсек – жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтаймыз» атты аймақтық семинар өтті. Оған себеп болған көрсеткіштер алаңдатарлық: ШҚО кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік пен түсік саны бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Тек 2025 жылдың басынан бері жасөспірімдер арасындағы түсік 11%-ға өскен.
Жарты жылдық қорытынды бойынша Ана мен бала орталығының КДБ-сында 4953 пациент қабылданып, 8321 медициналық қызмет көрсетілді. Мұнда балалар гинекологы, гинеколог-эндокринолог, репродуктолог, терапевт, кардиолог, функционалдық диагностика дәрігері, генетик сияқты тар бейінді мамандар жұмыс істейді. Орталық заманауи жабдықтармен (СМАД, Холтер, ЭКГ, КТГ) қамтылған, жасөспірімдерге бейімделген УДЗ-зерттеулер жүргізіледі.
ШҚО Жастар денсаулығы орталықтары 10-29 жас аралығындағы жастармен жұмысты күшейтуде. Негізгі мамандар – дәрігер-гинеколог, психолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, заңгер, әлеуметтік қызметкер және медбике – жасөспірімдерге тегін әрі құпия түрде қызмет көрсетеді. Статистикаға сәйкес, жүгінушілердің басым бөлігі – қыздар.
Орталықтардың жұмысы «4Д» қағидатына негізделген: еріктілік, қолжетімділік, ізгілік және сенім. 2025 жылғы мамырда өткен репродуктивтік денсаулық апталығы аясында 1700-ден астам адамды қамтыған ашық есік күндері, дәрістер, тренингтер және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сондай-ақ ағартушылық және волонтерлік қызмет жандануда.
Айрықша көңіл психологиялық көмекке бөлінеді. Мамандар жасөспірімдерге мазасыздықты, өзін-өзі бағалау мәселелерін, ерте жыныстық қатынас салдарын және жоспарланбаған жүктілікті еңсеруге көмектеседі. Психологтар жасөспірімдерді «бас тарту» дағдыларына, жеке шекараларды қалыптастыруға үйретеді, сондай-ақ ата-аналарға отбасында ашық диалог орнату үшін кеңес береді.
Алдағы жоспарларда – онлайн-қызметті күшейту, цифрлық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ білім беру ұйымдары және ҮЕҰ-мен әріптестікті дамыту бар.
Сонымен қатар Ұлттық комиссия өкілдері «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында орталықтың негізгі бағыттары, отбасылардың жиі кездесетін проблемалары және оларды қолдаудың болашағы талқыланды. Қызметкерлердің мәліметінше, жыл басынан бері орталыққа қиын жағдайда қалған 120-дан астам отбасы жүгінген.
Негізгі мәселелер: қаржылық қиындықтар (жалақының төмендігі немесе табыстың мүлде болмауы, жұмыссыздық, несие ауыртпалығы, азық-түлікке мұқтаждық), құжат рәсімдеу (мүгедектік пен әлеуметтік төлемдерге байланысты мемлекеттік органдармен жұмыс), баспананың жоқтығы.
Кездесу қорытындысында бірқатар ұсыныстар енгізілді: барлық ОҚО мамандарына бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту; психологтардың еңбекақысын қайта қарау, себебі олардың жүктемесі жоғары және халықтың осал топтарымен жұмыстағы рөлі зор; бірыңғай есеп пен мониторинг жүйесін енгізу, стандартталған есептілік пен қызмет тиімділігін бағалау тетігін қалыптастыру.
Қатысушылар қиын жағдайдағы отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде ведомствоаралық ықпалдастық пен мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.