29-30 қыркүйекте Астанада жоғары мемлекеттік органдардың заң бөлімшелері өкілдеріне арналған екі күндік тренинг өтуде. Қатысушылар нормативтік құқықтық актілер қабылданғанға дейін олардың әйелдер мен ерлерге, сондай-ақ халықтың түрлі топтарына ықтимал әсерін бағалау тәсілдерін үйренеді.
Тренингті Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылуында Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен, Ұлттық комиссия мүшесі Муслим Хасенов және Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы елдік бағдарламасының басшысы Дина Амришева сөз сөйледі.
«Заң қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде және өзге де бағыттарда гендерлік аспектіні ескеруге ықпал етеді. Нормативтік құқықтық актілерге гендерлік сараптама жүргізу – гендерлік бюджеттеуді енгізудің алғышарты. Сондықтан бұл жұмыстың маңызы зор», – деді Ляззат Сүлеймен.
Дина Амришеваның айтуынша, гендерлік-құқықтық сараптама құжат әзірленіп жатқан кезеңнің өзінде оның жасырын кедергілер туғызу-туғызбайтынын, стереотиптерді орнықтырмайтынын және халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін қаншалықты ескеретінін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқуға Президент Әкімшілігі, Құрылтай, Үкімет Аппараты мен негізгі орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік-құқықтық және заң бөлімшелерінен 20 басшы мен маман қатысуда. Олар заң жобаларын әзірлеу және келісу жұмысына тікелей араласады.
Хельсинки университетінің профессоры, құқық және гендерлік зерттеулер саласының сарапшысы Марианна Муравьеваның жетекшілігімен қатысушылар сырттай бейтарап көрінгенімен, іс жүзінде әйелдер мен ерлерге әркелкі әсер ететін құқықтық нормаларды анықтау жолдарын қарастырады. Тренингте гендерлік сараптаманы қолданыстағы құқықтық сараптама және реттеушілік әсерді бағалау рәсімдеріне енгізуге де назар аударылады.
Бұл тренинг осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы. 2023 жылы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының қолдауымен нормативтік құқықтық актілерге гендерлік сараптама жүргізудің ұлттық әдістемесі әзірленді. 2024-2025 жылдары сол әдістеме бойынша мемлекеттік органдардың заң қызметтеріндегі 100-ден астам маман оқытылды. Биылғы бағдарлама заңнаманың сапасына қатысты шешім қабылдайтын басшыларды да қамтып отыр.