2024 жылғы 1 қарашада Қызылорда қаласында «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында ІХ Республикалық Әкелер форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігі және «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның басты мақсаты – бала тәрбиесінде, отбасында және қоғамда әкенің рөлін нығайту және оның маңызын арттыру. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, отбасы саясаты бойынша сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Республикалық Әкелер одағының өңірлік жетекшілері, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ елдің барлық өңірінен 150-ден астам делегат қатысты.
Форумның алғашқы күні қонақтарға Қызылорда қаласының көрікті жерлері мен жаңа әлеуметтік нысандар таныстырылды. Екінші күні секциялық отырыстар өткізілді, ал іс-шара «Достық үйіндегі» пленарлық мәжіліспен қорытындыланды.
Пленарлық отырысқа Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет, ЮНФПА-ның Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев, «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры Меруерт Медетбекова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің басқарма басшысы Жандос Мақсұтұлы және «Отбасы академиясының» негізін қалаушы, отбасылық психолог Ержан Мырзабаев қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов форумға қатысушыларға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, аймақта отбасы құндылықтарын дәріптеу, киелі шаңырақтың қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Форум нәтижесінде Әкелер кеңесінің мәртебесін арттыру мақсатында еліміздің басқа өңірлерінде де осындай шараларды жалғастыру ұсынылды.