Астанаға бет алған №86 пойыздың жолаушысы жолда босанды. Пойыз бастығы мен жолсеріктің үйлесімді әрекеті нәтижесінде дүниеге қыз бала келді.
– Шымкенттен Астанаға келе жатқан Кенжеева есімді жолаушы, соңғы айындағы жүктілікпен сапарға шыққан болатын. 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні, сағат 23:30-да оның толғағы басталған соң, күйеуі жолсеріктерден көмек сұрады.
Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анара Адамбаева кәсіби көмек көрсетіп, сағат 23:55-те дені сау қыз баланың өмірге келуіне көмектесті, – делінген хабарламада.
Дереккөз: @kazinform