Ағымдағы жылдың 24 маусымынан елімізде «Репродуктивті денсаулық апталығы» басталды. Аталмыш апталық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылуда.
Апталықтың мазмұны мен оны өткізу бағдарламасы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысында брифинг өтті.
Брифингке Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Жұбанышқызы Ғұбайдуллина, №4 қалалық емхананың жастар денсаулық орталығының психологы Назгүл Демеуғалиқызы Жұмағалиева қатысты.
Спикерлер «Репродуктивті денсаулық апталығының» бірегейлігіне – репродуктивті денсаулық туралы толық және сапалы ақпарат алуға, жергілікті деңгейде білікті мамандармен диалог жүргізуге, салауатты болашақ үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге басты назар аударды. #салауаттыұрпақ