Берекелі отбасы – баянды болашақтың кепілі. Отбасы – әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Қазақ халқы үшін отбасы тіршіліктің өзегі, рухани тірек пен сенімнің бастауы.
Бүгінде елімізде 5,5 миллионнан астам отбасы бар. Соңғы он жылда 1,1 миллионнан астам жас жұп шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басты. 2024 жылы Қазақстанда шамамен 120 мың неке қиылды. Ер адамдардың алғаш үйлену жасы орта есеппен – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас.
Әр отбасының өз тарихы бар. Біреулер үш-төрт адамнан құралған шағын отбасында бақытты ғұмыр кешсе, енді бір шаңырақтарда бірнеше ұрпақ бір дастарқан басында бас қосады. Орта есеппен Қазақстандағы әр отбасыда 3,4 адам тұрады, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш төртке жуықтайды. Елдегі әр төртінші отбасы – толық емес.
Соңғы жылдары бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласуы артып келеді. Бұл үрдіс отбасы институтын нығайтып, үй ішіндегі атмосфераны бұрынғыдан да жылыта түсуде.
Қиындықтарға қарамастан, отбасы – әрдайым тірек пен баға жетпес байлық болып қала береді. Себебі дәл осы шағын ортада бала алғаш рет мейірімділікке, қамқорлыққа, жауапкершілік пен адамгершілікке үйренеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия отбасын нығайтуды ел дамуының басты басымдықтарының бірі деп санайды. Ата-аналарды қолдау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, құрмет пен түсіністік мәдениетін дамыту – тұрақты қоғамның негізгі іргетасы.
Отбасы күнімен құттықтай отырып, ең бастысы – әр шаңырақта сүйіспеншілік, бейбітшілік пен татулық орнасын деп тілейміз. Себебі дәл отбасында ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, еліміздің қуатын арттыратын рухани құндылықтар қалыптасады.