Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жастарға арналған «OpenSoz Lectorium» ақпараттық пікір алмасу шарасы өтті. Шара жастар арасында гендерлік теңдікті ілгерілету мен зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынға Қазақстандағы “БҰҰ-әйелдер құрылымы” кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева, Ақтөбе облысы бойынша “Әкелер Одағы” басшысы Руслан Қазыбаев, гір спортынан 13 дүркін әлем чемпионы Евгений Гончаров, сондай-ақ OpenSöz білім беру дәрісханасының негізін қалаушы Динара Бисембина спикер ретінде қатысты. Қатысушылар жастармен ашық алаңда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдік мәдениетін дамыту және әділетті қоғам құрудағы ер азаматтардың рөлі бойынша пікір алмасты.
Университет ректоры және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Лаура Қарабасова өз сөзінде зорлық-зомбылықты болдырмауға әр азамат жауапты екенін атап өтті. Ол қоғамдағы әрбір адам бей-жай қалмай, осы маңызды мәселеге өз үлесін қосуы керектігін ерекше атап өтті.
БҰҰ-әйелдер құрылымының өкілі Дина Амришева «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» жыл сайынғы науқаны қарсаңында Ақтөбедегі Жұбанов университетінде жастармен кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол әділетті қоғам құруда жастардың белсенділігі мен ұстанымдары ерекше рөл атқаратынын жеткізді.
Ақтөбе облысындағы “Әкелер Одағы” басшысы Руслан Қазыбаев әр отбасында ер адам әйелін сенімді серіктес ретінде көруі керектігін айтып, қаржылық тәуелсіздік пен зорлық-зомбылықсыз болашақ құрудың маңызды екендігін баса айтты.
Әлем чемпионы Евгений Гончаров екі қыздың әкесі ретінде балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеудің өзектілігін айтып, ер азаматтарды адал еңбек пен мақсат жолында күш салуға шақырды.
Бұл жиын жастарға маңызды мәселелерді талқылап, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік беріп, олардың бойында жауапкершілік сезімін нығайтты.