11 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ» күні. Бұл күн жастардың репродуктивті денсаулығына назар аудару үшін белгіленген. Дегенмен, жыныстық сауат пен репродуктивті денсаулық әлі толық ашық талқыланбай келеді.
Соның салдарынан ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жиі кездеседі. Соңғы бес жылда кәмелет жасына толмаған қыздар арасында шамамен 12 мың жүктілік тіркелген. Ал, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірінің жыныстық тәжірибесі бар. Көпшілігі АИТВ мен ЖИТС-тен қорғану жолдарын білмеген, ал белгілері бар жастардың 60%-дан астамы медициналық көмекке жүгінбеген.
Осы жағдайларды жақсарту мақсатында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия республикалық деңгейде репродуктивті денсаулық апталығын ұйымдастырды.
Апта бойы Жастар денсаулық орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, дәрістер, втренингтер мен онлайн-сессиялар өтті.
Қазіргі уақытта елімізде 103 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді, олар 10–29 жас аралығындағы жастарға медициналық және профилактикалық көмек көрсетеді. Былтыр 780 мыңнан астам жас көмекке жүгінген, олардың 84%-ы қала жастары болған.
Кешенді іс-шаралардың арқасында соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы жүктілік 43%-ға төмендеп, жасөспірім қыздарға шаққандағы көрсеткіш 4,25-ке жеткен.
Дені сау ұрпақ – елдің болашағы, ал оның тұғыры – мықты отбасы мен ата-ананың тәрбиесі.