Ultcom KZ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

Наурыз – ежелден халқымыздың бірлігін бекемдеп, мейірім мен татулықтың дәнін себетін ұлы мереке. Бұл күн – табиғаттың ғана емес, жүректердің де жаңарып, жақсылық пен молшылықтың бастау алатын сәті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия баршаңызды көктемнің жарқын мерекесімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа ырыс-береке, елге тыныштық пен амандық тілейді.