Астана, 2025 жылғы 8 мамыр
2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Қазақстанда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Апталықтың мақсаты – халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мен отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту. Бұл бастама — жастарға, ата-аналарға және репродуктивті жастағы азаматтарға денсаулығына саналы көзқараспен қарау мәдениетін қалыптастыру, аурулардың алдын алу және ғылыми негізделген ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Апталық аясында басты назар мына тақырыптарға аударылады: саналы ата-ана болу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы және адам папиллома вирусына қарсы күрес.
Апталық қазіргі таңда өзекті мәселелерге арналып отыр
ЮНФПА деректеріне сәйкес, Қазақстандағы 15–19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 60 пайыздан астамы жоспарланбаған жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу әдістері туралы жеткілікті білмейді.
Ересек тұрғындар арасындағы инфекциялардың таралу деңгейі ресми статистикадан 3,5 есе жоғары. Сонымен қатар, 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру көрсеткіші екі есеге жуық өсті. Ал жатыр мойны обыры – Қазақстан әйелдері арасында кең таралған онкологиялық дерттердің бірі. Бұл дерттің алдын алуға болатын жалғыз түрі екенін ескерсек, профилактикалық шаралардың маңыздылығы арта түседі.
Апталық барысында еліміздің барлық өңірлерінде баспасөз конференциялары, медициналық мекемелерде ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, шеберлік сабақтары мен онлайн-кездесулер өтеді. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастарға арналған тәрбие-танымдық шаралар ұйымдастырылады.
Ақпараттық науқанға әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары белсенді тартылып, бұл алаңдарда дәрігерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері өз ойларымен бөліседі. Сонымен қатар, баспа және цифрлық форматтағы ақпараттық-ағартушылық материалдар кең көлемде таратылатын болады.
Мақсатты аудитория – жастар, репродуктивті жастағы азаматтар, ата-аналар мен педагогтер, мүмкіндігі шектеулі жандар.
Барлық жарияланымдар бірыңғай хэштегтермен белгіленеді: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025
Апталықтың серіктестері – БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), ЮНЕСКО, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, Әкелер одағы, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы, Ұлттық волонтерлер желісі және басқа да серіктестер. Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтары, денсаулық сақтау ұйымдары мен медиа өкілдері де белсенді түрде атсалысады.
Апталықтың қорытындысы бойынша орталық деңгейде дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Оған қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талқылап, репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі алдағы қадамдарды белгілеуге мүмкіндік алады.

Байланыс үшін:
Ұлттық комиссияның баспасөз қызметі
ulttyqkomissia@gmail.com
Тел.: +7 778 22 94 777