Ultcom KZ

Денсаулықтың кепілі ретінде сапалы дене тәрбиесі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Аумақтық Кеңсесімен бірлесіп, 2023 жылы сапалы дене шынықтыру тәрбиесі саясаты бойынша жобаны сәтті іске асырды.

Жобаның шеңберінде дене шынықтыру тәрбиесі саласындағы жағдайға талдау жүргізілді, сондай-ақ дене шынықтыру тәрбиесінің бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді және Оқу-ағарту министрлігіне жолданды.

А.ж. қыркүйек-қарашада елдің бірқатар өңірлерінде дене шынықтыру мұғалімдері үшін оқыту сапасын арттыруға және дене шынықтыру тәрбиесіндегі гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті ілгерілетуге бағытталған оқыту семинарларының сериясын өткізу жоспарланып отыр.

27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Орал қаласында өңірлік семинар өтті. Іс-шараның бірінші бөлігінде «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету: дене тәрбиесі сапасын кешенді жақсарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда модератор ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко сөз сөйледі. Ұйымдастырушылар - ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті және ЮНЕСКО-ның Қазақстандық ұлттық клубтар федерациясы. Талқылауға дене шынықтыру оқытушылары, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері, сондай-ақ өңірдің жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Іс-шараның екінші бөлігінде облыс мектептерінің жастары мен оқушыларының көрнекті қазақстандық спортшы Мария Бровковамен кездесуі өтті.