Ultcom KZ

Атырау облысында "Томирис" ақпараттық-білім беру бағдарламасы үшінші жыл қатарынан жүргізілді

"Томирис " бағдарламасының бесінші күнгі "Көшбасшы әйелдердің әлеуетін дамыту" тақырыбындағы тренингін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен жүргізді.



«Әйелдердің саяси көшбасшылық әлеуетін дамыту» тақырыбында жүргізілген бес күндік тренингтің бесінші күні Спикер Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен «Саясатта әйелдер көбірек болса әлем ұтады», «Сіздің тарихыңыз. Сайлаушыларға жолдау», «Науқанды басқару», «Мақсат қою және оған жетуге ұмтылыс» тақырыптарында ауқымды ақпарат, ой жетілдіру тренигтерін мақсатты жүргізді.

Сонымен қатар, тренинг барысында Спикер Атырауоблыстық және қалалық мәслихаттарының қазіргі шақырылымдағы депутаттары, қоғам қайраткерлері, аумақтық сайлау комиссиясының төрағалырымен кездесуін де сәтті ұйымдастыра білді. Кездесуге келгендер өздерінің нақты мысалдар арқылы жергілікті басқару органдарында жұмыс істеудің қыр-сырымен және депутаттыққа түсуде қандай дайындықтар болу шарттарын тәжірибе ретінде айтып ой бөлісті. Қатысушылар депутаттардың шынайы оқиғаларын тыңдап, қоғамдық қызметтегі жауапкершілік пен бастамашылдық туралы құнды ақпарат алды. Әйелдердің нақты саясаткерлермен бетпе-бет сөйлесіп, сұрақ қоюы оларға шабыт беріп, өз мүмкіндіктерін кеңінен ұғынуға жол ашты. Бұл – жобаның формалды оқудан тыс тәжірибеге жақындауының айқын белгісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай

2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Атырау облысында "Томирис" ақпараттық-білім беру жобасыөткізілген болатын.

Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен жүзеге асырылып келеді.

Жобаның негізгі мақсаты: әйелдердің елдің саяси өміріне белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы көшбасшылық әлеуетін арттыру.



Міндеті: белсенді әйелдерді оқытуды жүзеге асыру, жаңа белсенді әйел көшбасшыларды анықтау мақсатында әр өңір бөлінісінде өңірлік сарапшылар пулын конкурстық негізде таңдау және оқыту.

Аталған жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Шаңырақ-2008" қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылды.

Жобаға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жарияланған ашық конкурсқа 129 үміткер өтінім жолдап, олардың ішінен арнайы іріктеу нәтижесінде 50 қыз-келіншек таңдалып алынған болатын. Қатысушылар – әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген, жасы 18-ден асқан белсенді азаматтар.

Бағдарлама аясында қатысушыларға арналған семинар-тренингтер, шеберлік сағаттары мен практикалық сабақтар өткізіледі. Оларды республикалық деңгейдегі коучтар, мотивациялық спикерлер және тәжірибелі мамандар жүргізді

1 - күн Келіссөздер жүргізу және көпшілік алдында сөйлеу өнерімен басталды. Тренингті Онгар Салатанат Қуанышқызы – журналист, республикалық деңгейдегі медиа-тренер өткізді.

2 -күн Тиімді іскерлік коммуникация дағдылары және Soft-skills икемді дағдыларын қалыптастыруда республикалық бизнес тренер, жеке кәсіпкер Арман Акбердиев жүргізді.

3 - күн Жобалық тәсіл және менеджмент негіздері бойынша «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек АманбайқызыАхметова өткізді.

4 - күн Қаржылық сауаттылық және тайм-менеджмент негіздері тақырыбында тренингті Акмарал Амантайқызы Жалгаспаева – С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Білім жетілдіру институтының директоры, Экономика ғылымдарының кандидаты жүргізді.

"Томирис" жобасы – қыз-келіншектерге өзін-өзі дамыту, көшбасшылыққа ұмтылу және қоғам өміріне белсенді араласу бағытында үлкен мүмкіндік беретін бірегей алаң болып отыр

Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия