Ultcom KZ

Әлем бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды

Әлем бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған акция жыл сайын әлемнің 90-нан астам елінде өткізіледі. Қазақстанда бастаманы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен БҰҰ-ның Әйелдер құрылымы қолдап отыр.

Акция аясында Астанада мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Кездесулерде әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, киберқауіпсіздікті күшейту, дағдарыс орталықтарына қолдау көрсету, сондай-ақ ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқылануда.

Акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.