Конференцияны Азия даму банкі Моңғолияның Қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрлігі мен Гендерлік теңдік жөніндегі ұлттық комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан Республикасының атынан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Ph.D. Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова қатысты. Лаура Шапайқызы панельдік сессияда
еліміздің климаттың өзгеруіне бейімделу мен гендерлік теңдік саласындағы тәжірибесі мен бастамаларын жан-жақты таныстырды.
Лаура Қарабасова Қазақстанда климатқа бейімделу стратегиясы әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, “жасыл экономика” және Smart климат, жаңартылатын энергия негіздерінің жоғары білім беру бағдарламаларына кіріктіруге және дәстүрлі экологиялық білімді сақтау мен жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстандық тәжірибе әйелдердің климаттық дағдарыстарға қарсы күреске белсенді қатысуын, олардың ауыл шаруашылығында, экологияда және кәсіпкерлікте маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сонымен қатар, елімізде әйелдердің бизнес бастамаларын қолдау мен кәсіпкер әйелдердің біліктілігін арттыруға бағытталған таргеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тәжірибесін үлгі ретінде Орталық Азияға тарату мүмкіндігі де баса айтылды.
Конференцияда климаттың өзгеруі жағдайында әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және олардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылды. Бұл бағыттағы Ұлттық Комиссияның ролі үлкен.
Лаура Қарабасова Қазақстанның тұрақты даму бағытындағы халықаралық міндеттемелерді орындауын де сөз етті.
Бұл халықаралық іс-шара Қазақстанның гендерлік теңдік пен климаттық тұрақтылық саласындағы жетекші рөлі мен жауапкершілігін нығайтатын маңызды қадам болды.