Ultcom KZ

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шөжеева келді

2024 жылғы 7 маусымда Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Тимурқызы Шөжеева келді.

Сапар барысында Ә. Т. Шөжеева Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Облыстық комиссия отырысының күн тәртібі:

1. Қарағанды облысындағы ажырасу жағдайы туралы: танысу, статистикалық деректерді талдау, себептері, алдын алу.

2. Әйелдердің құнарлы денсаулығы мәселелері туралы: денсаулықты нығайту жөніндегі шаралармен қамту, оның ішінде ауылдық жерлерде. Алдын алу және проблемалық мәселелер. Осы бағыттағы ҮЕҰ қызметіне шолу.

Отырысқа қатысушылар ажырасу және Қарағанды облысы әйелдерінің репродуктивті денсаулығы мәселесін талқылады. Әйелдер денсаулығы айлығы шеңберінде іс-шаралар, оның ішінде еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.

Республикадағы және облыстағы ажырасу жағдайына, ажырасу проблемасының себептері, салдары мен шешілу жолдары туралы талдамалық шолумен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы, әлеуметтанушы Резвушкина Татьяна Александровна сөз сөйледі.

Облыстың кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Динара Маратқызы Мутубаева сотта қаралған істер туралы айтып берді.

Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала бөлімінің басшысы Оспанова Лейла Темірбайқызы әйелдер денсаулығын сақтау бойынша өткізіліп жатқан іс шаралар туралы айтып берді.

Талқылауға «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Токмурзина Индира Жанузаковна, кәмелетке толмағандар комиссии жөніндегі комиссияның мүшесі, «АНА ҮЙІ» жобасының үйлестірушісі Жалбаева Надежда Александровна қатысты. Олар қарастырылып отырған мәселелердің алдын алу үшін қабылдаған шаралары туралы айтып берді. Комиссия мүшелері ерлер арасында, оның ішінде оқу орындары мен еңбек ұжымдарында кәсіподақтармен бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігіне баса назар аударды.

Комиссия мүшелерін «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі пренатальды білім беру» жобасымен Күлчімбаева Сабира Мұратқызы таныстырды.

Отырыстан кейін Ә. Т. Шөжеева Қарағанды қаласының отбасыларды қолдау орталығында ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуге ҮЕҰ өкілдері қатысты: «Мир добра», «Лучик надежды», «Мой дом», «Асыл ана», «Бекбаева А.Ш.», «Жаңа күн», т.б.

Шөжеева Ә.Т. отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығында барып, онда орталықтың қызметімен танысты.