Ерке Есілдің бойында еңсе тіктеген елордамыз – дербестігіміз бен егемендігіміздің ең басты нышаны. Еуразия жүрегінде қанатын кеңге жайған аяулы Астанамыз бүгінде әлем жұртшылығы көз тіккен қастерлі шаһарға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей «Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады». Арман қаланың асығы әрдайым алшысынан түсіп, аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!