Ultcom KZ

Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Сау ұрпақ – ұлт байлығы» атты ІІ Хал

Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Сау ұрпақ – ұлт байлығы» атты ІІ Халықаралық форум өтті. Өткен жылы форум балалардың құқықтарын қорғауға арналған болса, биыл екі басты тақырып – инклюзия және тәуелділік мәселелеріне назар аударылды.

Қазіргі заманғы университеттер тек сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді де шешуге атсалысады. Бүгінгі күні стресс, алаңдаушылық және басқа да психологиялық мәселелер жастар арасында кеңінен таралғандықтан, жоғары оқу орындарының студенттердің психикалық денсаулығын қолдау және қамқорлық көрсету маңызды. Сондықтан инклюзивті орта құру, әрбір студенттің жеке ерекшеліктерін ескеру өте маңызды.

Жұбанов университеті халықаралық және жергілікті жоғары дәрежелі сарапшыларды жинады. Белгілі психологтар, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер өздерінің табысты тәжірибелерін ұсынды. Мысалы, SDU университетінің инклюзивті білім беру жөніндегі жетекші маманы және оқытушысы Камила Роллан инклюзивті білім беруді дамыту стратегиясын қалай әзірлеу керектігі және ерекше қажеттіліктері бар студенттерге қандай қолайлы бейімделулер болуы керектігі туралы сөз сөйледі. Форум қатысушыларымен бірге сарапшы бірнеше мысалдарды талдады.

Диалог алаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Шолпан Каринова мен Назым Жангазинова, психоаналитик Мануэль Мартинес, Еуропалық CARe бағдарламасының тренері Гүлжан Амангельдинова, нейропсихолог, «Derbes» нейрокоррекция орталығының негізін қалаушы Руслан Қазыбаев, бейімделген дене шынықтыру және сенсорлық интеграция маманы, «Derbes» нейрокоррекция орталығының клиникалық жетекшісі Сара Қазыбаева, әлеуметтік педагог, арнайы білім алуды қажет ететін балалармен шығармашылық жұмыс бойынша практик-сарапшы Гүлдендік Ержанова, балалар мен ересектерге арналған би жобаларының жетекшісі, хореограф Марина Артыкова сөз сөйледі.

Форум аясында әрбір қатысушы өз пікірін білдірді. Форумды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Жұбанов университеті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Ақтөбе облысының әкімдігіне, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына, білім басқармаларының басшылығына және басқа да қатысушыларға алғыс білдіреді.