Комиссия құрамына азаматтық сектордың, ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ құқық, медицина, психология, гендерлік және отбасылық саясат саласындағы практик мамандар кірді. Комиссяи өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар 8 мүшеге толықты.
Жаңартылған құрам жұмысының мақсаты отбасын қолдау, гендерлік теңдік, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылға, сараптамалық талдауға және тиімді әлеуметтік бастамаларды енгізуге ықпал ету болып қала береді.
Жаңа құрамды қалыптастыру сектораралық ынтымақтастықты күшейтуге және қазақстандық қоғамның іргелі құндылықтары — отбасы, әйелдер құқығын қорғау және өскелең ұрпақтың болашағын қозғайтын шешімдер қабылдауға кең қоғамдық қатысуды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның