Ырғыз ауданына арнайы сапармен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Нәзипа Ідірісқызы, Еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, «Academy of Iabour relations» Бас директоры Ағибаева Бибігүл Шәкірбайқызы, «Рухани қазына» қоғамдық қорының басшысы Тасбергенова Гауһар Қошқарбекқызы аудандағы су тасқынан зардап шеккен, эвакуациялық пунктте орналасқан халықпен кездесуге келді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық мәслихат хатшысы Сүйінтаева Гүлкасима Рамазанқызы, облыстық мәслихат депутаты Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы және облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшысы Қорғанбаева Маржан Нағашбекқызы қатысты.
Жиында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қазіргі жағдайы талқыланды. Дәлірек айтқанда, салынатын тұрғын-үй құрылысы бойынша мердігерлердің анықталуы қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Нұра ауылының тұрғындарының көпшілік дауысымен таңдалған Сарыоба жері туралы да талқыланды.
Комиссия мүшелері эвакуациялық пункттегі тұрғындармен де кездесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады. Сонымен қатар Ұлттық комиссия мүшелерінің қолдауымен Қызылорда облысынан келген гуманитарлық көмекте аудан орталығына түсіріліп, эвакуацияланған тұрғындарға берілетін болады.