20-22 тамыз аралығында Жамбыл облысында маңызды мониторинг шарасы өтті. Ұлттық комиссия, облыстық құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Отбасын қолдау орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтарының қызметімен танысты.
Мониторинг тобы Талас ауданында жаңа Отбасын қолдау орталығының салтанатты ашылуында болды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назипа Шанаи қатысты. Жаңа орталық аудандағы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, жастарға өмірлік маңызды кеңес пен білім алуға жол ашады.
Қазіргі таңда өңірде осындай алты орталық жұмыс істейді. Оның екеуі Тараз қаласында (облыстық және қалалық), қалғандары аудандарда орналасқан. Жыл соңына дейін мұндай орталықтар облыстың барлық аудандарында ашылады деп жоспарлануда. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ажырасулар мен ерте некелердің алдын алуға бағытталған қолдауды әр отбасыға қолжетімді етеді.
Мониторинг Байзақ ауданында және Тараз қаласында жалғасты. Орталық жетекшілері өз есептерін ұсынып, сарапшылар жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты. «Мұндай орталықтардың құрылуы аса маңызды. Олар отбасы институтын нығайтуға, дағдарыстық жағдайларды азайтуға және әйелдер мен жастарды қоғамдық өмірге кеңінен тартуға ықпал етеді», – деп атап өтті мониторинг тобы мүшелері.
Мониторинг барысында жастар денсаулығы да назардан тыс қалмады. 22 тамыз күні Ұлттық комиссия мүшесі Назипа Шанаи Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетовамен бірге Тараз қаласындағы №2 және №5 қалалық емханаларының базасында, сондай-ақ «Алмаз Медикал Групп» медициналық орталығында жұмыс істеп тұрған Жастар денсаулық орталықтарын аралады.
Бұл орталықтар жастар үшін тек медициналық көмек көрсететін орын ғана емес, сенім мен қолдау алаңына айналған. Мұнда дәрігердің кеңесін алып, психологпен әңгімелесуге, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты туралы ақпарат алуға болады.
«Жастарға көрсетілетін қолдау тек медицинамен шектелмеуі тиіс. Ол психоэмоциялық жай-күйді де қамтып, жан-жақты көмек беруге бағытталуы керек. Осындай орталықтар жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып, олардың әлеуетін ашуға ықпал етеді», – деді Ұлттық комиссия мүшесі Назипа Шанаи.
Мониторинг қорытындысында Жамбыл облысында бір мезетте екі маңызды бағытты қамтитын жүйе қалыптасып келе жатқаны айқындалды – отбасын қолдау және жастардың денсаулығына қамқорлық жасау. Бұл жобалар бүгінде оң нәтижесін көрсетіп отыр және алдағы уақытта бүкіл ел бойынша үлгі ретінде қолданылатын болады.