Бүгін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Достық ауылына (Семиглавый Мар) «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады.«Жаңға дауа, науқасқа шипа сыйлауға» келген ақ халатты абзал жандар ауыл тұрғындарына кеңестерін беріп, ем-дом шараларын жасайтын болады.«Саламатты Қазақстан» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, «Самұрық-қазына» қоры және Денсаулық сақтау министрілігімен жүзеге асырылып отыр. «Саламатты Қазақстан» пойызы еліміздің түкпір-түкпірін аралап, тұрғындарға үлкен көмек ұсынып келеді. Медициналық пойызына кәсіби медиаторлар мен заңгерлер де қосылып, тұрғындарға кеңестерін беруде.
Медициналық поездың бас дәрігері Айнұр Егінбаева атап өткендей, «Медициналық поезд тегін қызметтер көрсетеді. Келесі мамандардан медициналық көмек алуларыңызға болады. Олар терапевт, хирург, травматолог, уролог, невропатолог, лор, акушер-гинеколог, стоматолог, ЭКГ,рентген және УЗИ зерттеулер, кардиолог, психолог, педиатр мамандары және өзге де зертханалық талдаулар...».
Әлеуметтік жоба аясында ауданымызға келген мамандарды аудан әкімі Талғат Шакиров, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шүкеева, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, облыстық әкімдіктің өкілі Татьяна Рогозина, аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Дария Турганалиева, Достық ауылдық округінің әкімі Асхат Сапаров, аудандық аурухана директоры Руслан Бралов және басқалар қарсы алды.
Талғат Асқарұлы медициналық ұжымға аудан тұрғындары атынан алғысын білдіріп, шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған бастамаларына табыс тіледі.
Медициналық поез сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 30 маусымда Тасқала ауылына келеді.