Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия барша қазақстандықтарды Конституция күнімен және Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуымен құттықтайды!
Ата Заң – жай ғана баптар мен нормалардың жиынтығы емес. Ол – мемлекеттіліктің іргетасы, тәуелсіздіктің, еркіндіктің және әділдіктің айшықты символы. Конституция халқымызды бірлікке ұйыстырып, болашаққа деген сенімді нығайтып, Қазақстанның ілгері дамуының бағдарын айқындайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, соңғы жылдардағы конституциялық өзгерістер – демократиялық, ашық әрі әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болды. Бұл жаңғырулар қоғамдық келісімге тың серпін беріп, әрбір азаматқа жаңа мүмкіндіктер ашты.
Осы айтулы мерекеде барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, татулық пен ертеңгі күнге нық сенім тілейміз! Конституция әрдайым күш-қуат пен мызғымас рухтың қайнары болып, ортақ Отанымыз – Қазақстан болашақ ұрпақ үшін мәңгі гүлдене берсін!