Солтүстік Қазақстан: әйелдер бастамалары мен отбасы институтын дамытуға басымдық берілді
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттықкомиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен облыс әкімінің орынбасары, облыстық комиссия төрағасы Жүсіп Жұмағұловпен кездесті.
Кездесу барысында аудандық комиссиялардың жұмысын күшейту, әйелдер бастамаларын қолдау және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы мәселелер талқыланды. Әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді қатысуының маңызына ерекше назар аударылды.
Кездесуде қазіргі таңда әрбір әйелдің, әсіресе ауылдық жерлерде, мемлекет тарапынан қолдау сезінуі және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алуы маңызды екені айтылды. Әйелдер бастамаларын дамыту тек отбасы институтымен ғана емес, сондай-ақ өңірдің экономикасы мен қоғамдық белсенділігін арттырумен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және отбасылардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Кездесу конструктивті сипатта өтіп, орталық және өңірлік деңгейлер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің нақты қадамдары белгіленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия – гендерлік теңдік, отбасыны қолдау және әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы саясатты үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия қызметінің негізгі бағыттарының бірі – өңірлік және аудандық комиссиялардың жұмысын дамыту, сондай-ақ еліміз бойынша әйелдер бастамаларын қолдау.