Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі “Аналар саулығы” бағдарламасы аясында сегіз маңызды іс-шараның қолға алынатынын хабарлады. Бұл бастама аясында әрбір фертильді жастағы әйел учаскелік дәрігердің тексеруінен өтіп, оның денсаулық индексі анықталады.
Бағдарламаның басты назарында болашақта жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер тұр. “Мақсат – әйелдер денсаулығын кешенді бағалау арқылы алдын алу шараларын күшейтіп, денсаулықты сақтау және жақсарту,” – деп мәлімдеді министрлік.
Министрліктің деректері бойынша, Қазақстанда 10 миллионнан астам әйел тұрып жатыр, оның ішінде 4,7 миллион әйел фертильді жаста.
Дереккөз: Zakon.kz