Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтайды!
Өтіп бара жатқан жыл әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту және демографиялық саясатты жаңғырту бағытында маңызды шешімдер қабылданып, нақты қадамдар жасалған кезең болды. Ел көлемінде аналар мен балаларды қолдауға арналған жаңа бастамалар іске қосылып, қоғамдық диалог кеңейе түсті. Отбасы мәселелері мемлекет пен қоғамның күн тәртібінде өзекті болып қала бермек.
Жаңа жылды ел болашағы мен әрбір баланың келешегіне деген ортақ жауапкершілікті терең сезіне отырып қарсы аламыз.
2026 жыл әр шаңыраққа тыныштық, татулық және ертеңгі күнге деген сенім әкелсін. Қамқорлық, құрмет пен өзара түсіністік отбасы берекесінің әрі қоғамдық келісімнің берік негізіне айналсын.
Алдағы жылы Ұлттық комиссия әйелдердің әлеуетін арттыру, қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру, жас отбасыларды қолдау және жауапты ата-ана болу құндылықтарын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.
Біздің ортақ мақсатымыз – берік отбасы, орнықты даму және сенім мен өзара жауапкершілікке негізделген қоғам қалыптастыру.
2026 жыл әрбір қазақстандық отбасы үшін жасампаздықтың, тұрақтылықтың және жаңа мүмкіндіктердің жылы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!