Өскеменде репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
25-30 маусым аралығында елімізде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен репродуктивті денсаулық апталығы өтеді.
Осыған орай облыс әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Зарина Камасова, ШҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Альмира Жұмабаева және денсаулық сақтау, білім беру басқармалары, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен ауқымды басқосуда репродуктивті жастағы әйелдер мен ер азаматтардың денсаулығын қорғау, отбасын құруды жоспарлау және ерте жүктіліктің алдын алу сияқты өзекті мәселер талқыланды.
Өскемендегі Ана мен бала орталығының консультативті диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, репродуктолог Надира Слямханова айтып өткендей, репродуктивті денсаулық - жүкті болу, босану және сау бала туу мүмкіндігі. Репродуктивті денсаулық негіздері ерте жастан қалыптасады және ол генетикалық ерекшеліктерге, денсаулығына, өмір сүру салтына, дұрыс тамақтануына және әдеттеріне байланысты. Саланың негізгі проблемалары - жыныстық жолмен берілетін аурулар, жоспарланбаған жүктілік және түсік.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Марат Көксегеновтің мәліметінше, облыста жасөспірімдердің жүктілігі мен түсік саны азайды.
Жасөспірімдердің жүктілігі 2022 жылы 57-ден 2023 жылы 50-ге дейін төмендеді. Ал кәмелетке толмағандар арасындағы түсік жасату саны 2022 жылғы 28-ден 2023 жылы 17-ге дейін қысқарды.
Мұның барлығы өңірдегі акушер-гинекологтар, жастар орталықтары, әлеуметтік қызметтер және білім бөлімдері бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі деуге болады.
Сондай-ақ жиын барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас облыстық балалар гинекологы Лиза Қасымханова папиллома вирусына қарсы вакцинаның маңыздылығына тоқталды.
Оның айтуынша, бүгінде жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған папиллома вирусына қарсы вакцинация 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде жүргізіледі. Нәтижесінде Англия, Финляндия және Швецияда аталған кеселдің көрсеткіші төмендеген.
Апталық аясында өтетін бірқатар іс-шаралар кезінде тұрғындар кез келген емханаға жолдамасыз келіп, репродуктивті денсаулық саласында сапалы қызметтер мен дәрігерлердің кеңесіне қол жеткізе алады.
Атап айтқанда, облыс емханаларында ашық есік күндері өткізіліп, онда жасөспірімдер мен 29 жасқа дейінгі жастарға және репродуктивті жастағы тұрғындарға бейінді мамандар кеңес беріп, тегін медициналық қызметтер көрсетеді.