Елімізде 13 сәуірден бастап ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді. Бұған дейін бұл мәселе әр өңірде әртүрлі тәсілмен шешілсе, енді жаңа ереже әділдікті және баршаға ортақ, түсінікті тәртіпті қамтамасыз етпек.
Ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.
Мемлекет бала құқығын қорғау ісінде оның дауысын да маңызды деп санайды, егер бала 10 жасқа толған болса, оның пікірі міндетті түрде ескертіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, бұл өзгеріс – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған маңызды қадам.