2025 жылғы 25 сәуірде Халықаралық «АКТ саласындағы қыздар күніне» орай, «Цифрлық Қазақстан» сериясындағы «Цифрлық әлемдегі әйелдер» тақырыбында пошта маркасын салтанатты түрде айналымға шығару рәсімі өтті.
«TechnoWomen: Цифрлық болашақ – бізбен бірге» маркасын шығаруға «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастамашы болды. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда.
«TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы, Ұлттық комиссия мүшесі Азиза Шужеева өз сөзінде:
«Алдыңғы қатарлы технологияларды танымал ету және қыздар мен әйелдердің жаңа цифрлық дағдыларды меңгеруге деген ынтасын арттыру еңбек нарығында үлкен мүмкіндіктер ашуға, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жеке өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Беделді халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай ІТ саласы әйелдер үшін үйреншікті кәсіпке айналады. Сондықтан бүгінде елімізде әйелдердің цифрлық дағдыларын дамыту, әйелдер ІТ-кәсіпкерлігін қолдау, электрондық коммерцияны кеңейту және оларды жасанды интеллект экономикасына тарту маңызды міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта Ұлттық комиссияның бастамасымен бірнеше жыл қатарынан «IT-Aiel», «Cyber Safe for Family», «SheInnovator», «Robotechnogirls», «TechGirls» сияқты бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылуда. 2023–2024 жылдары осы жобалар арқылы 18 мыңнан астам қыздар мен әйелдер қамтылды», — деді.
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова жаңа марканың дизайны мен идеясын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, марка заманауи қазақстандық әйелдің бейнесін — ұлттық болмысты сақтай отырып, жаңа технологияларды еркін меңгерген тұлғаның бейнесін шебер жеткізген.
«TechnoWomen» қауымдастығы — әрбір әйелге технологиялар, ғылым және кәсіпкерлік әлемінде өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беру мақсатында құрылған орта.
Пошта маркасы — тек ресми рәсімнің бөлігі ғана емес, ол — тану мен тұрақтылықтың, қоғаммен байланыстың символы.
«TechnoWomen» маркасы — STEM саласындағы әйелдердің жолын ашқан тұлғаларға құрмет көрсетудің және қыздар мен әйелдерді цифрлық индустрияларға тартудың белгісі. Бұл марка әлем елдеріне саяхаттап, қоғамдастық рухын, әйелдер ынтымақтастығын және прогреске ұмтылуды паш етеді.
«TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының тең құрылтайшысы Бикеш Құрманғалиева өз сөзінде:
«Жасанды интеллект экономика дамуының жаңа драйверіне айналуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда әйелдердің осы саланы терең меңгеруіне, жаңа технологияларды әртүрлі мамандықтар мен қызмет салаларына енгізуге назар аудару аса маңызды.
Қуантады, мұндай прогрессивті бастама Орталық Азия кеңістігінде дәл «TechnoWomen» бастамасымен ілгерілетіліп жатыр. Бұл ұйым қыздар мен әйелдердің цифрлық ортада өз орындарын табуына елеулі білім беру және практикалық қолдау көрсетіп келеді», — деп атап өтті.
Анықтама үшін:
«TechnoWomen» — IT, digital, telecom, media, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, робототехника, ғарыш және басқа да жоғары технологиялық салаларда еңбек ететін әйелдерді біріктіретін коммерциялық емес ұйым.
TECHNOWOMEN миссиясы — қыздар мен әйелдерге цифрлық әлемде жаңа мүмкіндіктер ашу.
TECHNOWOMEN көзқарасы — қоғамды жаңғыртуға, гендерлік теңдікті ілгерілетуге, әділ бәсекелестікті дамытуға және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге ықпал ететін, жоғары білімді, рухани бай және әлеуметтік жауапты жаңа буынды тәрбиелеуге ұмтылатын прогрессивті әйелдер қауымдастығының халықаралық желісін құру.
2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстанда «TechnoWomen» Инвестициялық комитеті құрылды. Комитет әйелдер стартаптарын қолдап, #SheInnovator жобасын ілгерілетуді көздейді.
Инвестициялық комитет былтыр басталған және әйелдерді технологиялық кәсіпкерлікке тартуға бағытталған #SheInnovator бастамасын дамытуға үлес қосатын болады.
Әйел-кәсіпкерлер өз өтінімдерін technowomen2022@gmail.com электрондық поштасына немесе арнайы сілтеме арқылы жолдай алады.