Ultcom KZ

Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Дўстлик» орденімен марапатталды

Өзбекстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Төрағасы, Мәдениет және ақпарат Министрі Аида Балаева «Дўстлик» орденімен марапатталды

Бұл марапат Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Аталған марапат гендерлік саясатты ілгерілету, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және ақпараттық байланыстарды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын айқындайды.