Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында «KEL TALKLIKE» атты кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі Жандосова Баян Айтбекқызы, Y-PEER желісінің Түркістан облысының координаторы, ерікті-тренері, Қ.А.Ясауи университетінің медицина факультетінің студенті, Врач-интерні Артықбаева Күмісай Амангелдіқызы және Түркістан қалалық емханасы «Ана мен бала денсаулығы» орталығы бас дәрігері Бердикулова Динара Махамбетқызы қатысып, жалпы репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы,психикалық және әлеуметтік салауаттылықты, тән мен жан саулылығы туралы айтып өтті.
Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді өсуі, дамуы және репродуктивті денсаулығы қоғамның денсаулығы мен әлеуметтік салауаттылығының жетекші көрсеткіштері болып табылады. Соңғы жылдардағы жарияланымдар Қазақстанның өскелең ұрпағы өсу мен дамуындағы келеңсіз тенденцияларды куәландырады, бұл болашақта ұрпақты болу және әлеуметтік функцияларды жүзеге асыруда елеулі шектеулерге, демографиялық дағдарыстың тереңдеуіне әкелуі мүмкін. Қыздардың репродуктивті денсаулығын анықтайтын факторлардың ішінде гинекологиялық аурушаңдық, дене дамуының дисгармониясы және жыныстық жетілудің кешігуі үлкен маңызға ие.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.