Ultcom KZ

Халықаралық әйелдер күніне арналған үздік әйелдер жобаларын конкурстық іріктеу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған

үздік әйелдер жобаларын конкурстық іріктеу туралы


ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында (8 наурыз) Астанада «Жасампаз әйел» атты үздік әйелдер жобаларының көрмесі өтеді.
2. Қазақстанның түкпір-түкпірінен әлеуметтік сипаттағы үздік жобалар 10 номинация бойынша іріктелетін болады.
3. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері болып табылады.
4. Іріктеуді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ұйымдастырады.
5. Үздік жобаларды іріктеу бойынша Конкурс оларды Халықаралық әйелдер күні қарсаңында республикалық іс-шарада таныстыру және одан әрі дәріптеу мақсатында өткізіледі.

2. Конкурстық комиссия
6. Әлеуметтік жобаларды іріктеу мақсатында орталық және өңірлік конкурстық комиссиялар құрылады.
7. Өңірлік конкурстық комиссиялар жергілікті атқарушы органның қызметкерлері мен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан 5 адамнан құрылады.
8. Орталық Конкурстық комиссия Ұлттық комиссия мүшелері мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатарынан 5 адамнан құралады.
9. Комиссиялар шешімдерді ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен мынадай өлшемшарттарды ескере отырып қабылдайды:
  • жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін)
  • жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін)
  • жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

3. Конкурстың номинациялары

11. Конкурс 10 номинация бойынша өткізіледі:
1-номинация. Агробизнес саласындағы үздік жоба.
2-номинация. Үздік IT жобасы.
3-номинация. Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба.
4-номинация. Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер).
5-номинация. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба.
6-номинация. Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба.
7-номинация. Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба.
8-номинация. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы.
9-номинация. Кәсіпорынның үздік әйел-басшысы.
10-номинация. Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ.

4. Конкурс өткізу тәртібі
12. Байқау екі кезеңде – өңірлік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.
13. Комиссия өңірлік кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
  • өтінімдерді қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады;
  • конкурстық комиссияның жұмысы үшін құжаттар топтамасын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруды және әрбір номинация бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;
  • Орталық комиссияға құжаттар топтамасын (сауалнама, фото/бейне материалдар, жоба авторына аннотация) және өңірлік конкурстық комиссия отырысының хаттамасын қоса бере отырып, республикалық кезеңге қатысу үшін 10 номинацияның әрқайсысы бойынша 1 жобаны жолдайды.

14. Конкурстың республикалық кезеңінде Комиссия:
* Өңірлерден келіп түскен ұсыныстардың ішінен 10 номинацияның әрқайсысы бойынша бір жобаны айқындайды.
* Таңдалған жобалардың авторлары көрмеге жобалардың тұсаукесеріне шақырылады.

5. Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері:
· Өңірлік комиссиялардың өтінімдерді қабылдауы және жобаларды сараптауы – 2023 жылғы 23 ақпанға дейін.
· Іріктелген жобаларды Орталық комиссияға жіберу – 2023 жылғы 24 ақпанға дейін.
· Орталық комиссияның жобаларды сараптауы және іріктеуі – 2023 жылғы 28 ақпанға дейін.
· Жеңімпаздарды хабардар ету және жобаларды презентацияға дайындау – 2023 жылғы 1 наурызға дейін.
· Астанада жобалардың тұсаукесері – 2023 жылғы 6 наурыз.

Қосымша

Үздік әйелдер жобалары туралы конкурсқа өтініш берушінің анкетасы


1. Жоба басшысының немесе командасының аты-жөні/атауы
2. Жобаның бағыты (конкурстың белгіленген бағыттарының бірін көрсету):
(1) Агробизнес саласындағы үздік жоба.
(2) Үздік IT жобасы.
(3) Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба.
(4) Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер).
(5) Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба.
(6) Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба.
(7) Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба.
(8) Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы.
(9) Кәсіпорынның үздік әйел-басшысы.
(10) Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ.
3. Жобаның атауы
4. Жобаның сипаттамасы (5-7 сөйлемнен артық емес)
5. Жобаның мақсатты аудиториясы.
6. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын сипаттау.
7. Фотосуреттер мен бейнелерді растайтын материалдар
8. Жоба авторларының байланыс контактілері.