Бүгін, 26 қарашада, Астанадағы БҰҰ ғимаратында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен медиа өкілдері бір алаңға жиналды. Тақырып – қазіргі ақпараттық кеңістіктегі ең өзекті бағыттардың бірі – гендерге сезімтал коммуникация.
Тренинг БҰҰ-ның Әйелдер құрылымы ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Ресми бөлімді Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен Орталық Азиядағы БҰҰ-Әйелдер үйлестіру офисінің басшысы Джерен Гювен Гюрес ашты. Спикерлер ақпараттық кеңістікте гендерлік теңдік қағидаттарын сақтаудың маңызын атап өтіп, медианың қоғамдық көзқарастарды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.
«Әрбір сөз – қоғамдық пікірге ықпал ететін құрал. Сондықтан кәсіби коммуникацияда этика мен дәлдік айрықша маңызды. Оқыту мемлекеттік органдар мен медиа арасындағы гендерге сезімтал коммуникацияны нығайтуға, ақпараттық кеңістіктегі этикалық стандарттарды дамытуға, сондай-ақ әйелдер мен осал топтар туралы түсінікті әрі әділ ақпаратты таратуға бағытталады», – деді Елена Тарасенко.
Тренингті Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының ұлттық сарапшысы Мөлдір Өтегенова жүргізіп, қатысушыларға халықаралық стандарттар мен жергілікті контекст үйлесіміндегі тиімді коммуникация әдістерін таныстырды.
Күннің алғашқы сессияларында қатысушылар гендерге сезімтал тілдің не үшін маңызды екенін, сөздер мен тұжырымдардың аудиторияға әсерін, ақпарат құралдарының қоғамдағы түсініктерді қалай қалыптастыратынын талқылады.
Теориялық блоктан кейін практикалық жұмыстарға басымдық берілді:
– медиадағынақты материалдарды талдау,
– проблемалы тұжырымдарды анықтау,
– визуалды және мәтіндік контентті қайта жазу жаттығулары,
– стереотиптердің әйелдерге, ерлерге және түрлі әлеуметтік топтарға әсерін зерттеу.
Қатысушылар қақтығыстар, зорлық-зомбылық, саясат, әлеуметтік рөлдер секілді сезімтал тақырыптарды жариялау ерекшеліктерін талқылап, виктимблеймингке жол бермеу қағидаттарымен танысты.
Түстен кейінгі бөлімде халықаралық тәжірибелерге шолу жасалды: беделді редакциялардың гендерлік саясаттары, UN Women және ЕҚЫҰ жобалары, оның ішінде Batyr Zhamal сияқты қазақстандық бастамалардың табысты мысалдары ұсынылды.
Соңғы сессия мини-редакция форматында өтті: қатысушылар ақпараттық мәтіндерді жедел талдап, проблемалы тұстарын анықтап, оларды этикалық және инклюзивті стандарттарға сай қайта жазып шықты.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар алдағы жұмысында қолданатын нақты қадамдарын белгіледі. Тренинг соңында чек-листтер таратылып, қатысушылар жалпы фотоға түсті.