Бағыт басталғаннан бері пойыз 11 теміржол бекетіне аялдап, 8685 тұрғын дәрігерлік тексеруден өтті, ал 241 адам заңгерлер мен медиаторлардан кеңес алды.
Тұрғындар тарапынан ең көп сұранысқа ие қызметтер – терапевт, офтальмолог, кардиолог, травматолог мамандарының қабылдауы, сондай-ақ УДЗ, ЭКГ, рентген және қан талдауы сынды зерттеулер. Дәрігерлер туа біткен патологияларды – синдактилия, «қасқыр ерін» сияқты ақауларды анықтаған. Сонымен қатар аурулардың алдын алу шаралары жүргізіліп, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі және созылмалы дерттер бойынша жеке емдеу жоспарлары құрылуда.
Заңгерлер мен медиаторлар ауыл тұрғындарына баспана жағдайын апатты деп тану, балалардың құқықтарын қорғау, салықтық жеңілдіктерді рәсімдеу сияқты маңызды құқықтық мәселелерді шешуге көмектесіп жатыр. Мамандар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) рәсімдеп, мемлекеттік органдарға жолданатын өтініштерді дайындап, қарыз даулары бойынша медиативтік келісімдерге қол жеткізді. Кейбір жағдайларда заңгерлер іс соңына дейін, уәкілетті органның ресми жауабын алғанша сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруда.
Кеңеске тек пойыз аялдайтын елді мекендердің тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы ауылдардан арнайы келгендер де жүгінуде. Пойызға өздігінен келе алмайтын азаматтарға да ерекше назар аударылады: арнайы көшпелі бригада үйге барып, оларға арналған емдеу хаттамасын жасайды.
Жоба еліміздің өңірлерінде өз бағытын жалғастырып, шалғай ауыл тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетуде.
Пойыздың өзекті қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған. Қазіргі таңда пойыз Атырау облысындағы Исатай ауылында науқастарды қабылдап жатыр.
«Саламатты Қазақстан» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 13 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.