2024 жылғы 21 маусымда Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында облыстық комиссияның мүшелерінің, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес өтті. Қатысушылар саланың жай-күйі мен репродуктивнті денсаулық апталығына дайындық мәселелерін талқылады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Н.Е.Әбдірахыммен және Қонаев қаласының белсенді жастарымен кездесулер өтті. Қонаев қаласы мен Қарасай ауданындағы ауруханалар мен жастар денсаулық орталықтары да аралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2024 жылғы 24-28 маусым аралығында Қазақстанда өтіп жатқан репродуктивті денсаулық апталығы аясында көшпелі жұмыстар жүргізілді.
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау міндеттері ел Президенті Қ. Қ. Тоқаев бекіткен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты дамыту тұжырымдамасында белгіленген.