Ultcom KZ

Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде: Атырау облысында әкелер мен ұлдар слеті өтті

2024 жылғы 15 қарашада Атырау қаласында «Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде» атты облыстық әкелер мен ұлдар слеті өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Слеттің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеп, әкенің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен рөлін айқындау. 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараға биыл 300-ге жуық ер адам қатысты.

Жиында республикалық және жергілікті деңгейдегі спикерлер отбасы мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылап, маңызды ойларымен бөлісті. Қатысушылар дәрістер тыңдап, пікір алмасты.

Іс-шара соңында қала мен аудандардағы Әкелер кеңесінің белсенді мүшелеріне Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Ұлттық комиссияның қолдауымен өткен бұл слет әке рөлінің маңыздылығын ұғындыруға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.