2025 жылғы 29 мамырда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Отбасы – тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты ІІІ Халықаралық форум өтті. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, психологтар, халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ИСЕСКО, БҰҰ) өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан келген мамандар қатысты.
Университет ректоры әрі форум модераторы Лаура Қарабасова шараны ашып, форум тек өзекті мәселелерді талқылаумен шектелмей, нақты іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.
Пленарлық мәжілісте ҚР Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Искакова әйелдердің репродуктивті денсаулығы, цифрлық қауіпсіздік және жастар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелеріне тоқталды. «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова жастардың әлеуетін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ форумда студенттерге психологиялық көмек көрсету, тәуекел тобына жататын жастармен жұмыс істеу, білім беру үдерісін заманауи талаптарға бейімдеу және жастардың психикалық денсаулығын қолдау стратегиялары бойынша ұсыныстар айтылды.
Форум аясында сараптамалық пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты ұсыныстар әзірледі.