Ultcom KZ

Әйелдердің саяси белсенділігін арттыру

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 7-9 тамыз аралығында Әйелдердің саяси белсенділігін арттыру бойынша тренингтер өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы президенті қарауындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қолдауымен ұйымдастырылды. Бұрын "Томирис" бағдарламасы бойынша білім алған жаттықтырушылар белсенді формалар мен әдістер арқылы қатысушыларға саяси мансапты құру дағдыларын үйретті. Мақсатқа ұмтылу, білім беру, қолдау және өз бетімен үнемі жұмыс жасау, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау қабілеттері – әйелдерді саясатқа ілгерілетудің негізі, деп атап өтті олар. Тренинг жұмысында спикер ретінде Қазақстан Республикасы президенті қарауындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары сөз сөйледі. "Өңірдегі 40-тан астам әйел тренинг жұмысына қатысуға ниет білдірді. Бұл әйелдердің қоғамның саяси өміріне қатысуға деген жоғары қызығушылығын білдіреді", - деп атап өтті ұйым.