Жоба жетекшісі – Жұлдызай Искакова, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары.
Зерттеу ұйымдарының консорциумы 2023 жылдың 20 қазанында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылды. Консорциумныі негізгі мақсаты – ғылыми мекемелердің күшін біріктіру арқылы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясатты зерттеу жобалары арқылы қолдап, ғылыми негізделген тәсілдерді ілгерілету.
Консорциум құрамына Астана, Алматы және Өскемен қалаларындағы 15 зерттеу ұйымы кіреді. Қатысушылардың алғашқы отырысы 2024 жылдың 12 ақпанында өтіп, жұмыс бағыттары бекітілді.
2024 жылы Ұлттық комиссияның https://ultcom.kz/consortium сайтында «Консорциум және зерттеулер» бөлімі ашылды. Онда 2019–2024 жылдар аралығында жарияланған «Отбасы», «Демография», «Гендер» тақырыптары бойынша 200-ден астам ғылыми мақалалар мен зерттеу жұмыстарының өзекті деректері жинақталған. «Репродуктивтік денсаулық» тақырыбы бойынша 70-тен астам материал жиналды. Сонымен қатар, консорциум мүшелері жүзеге асырған зерттеулердің жеке деректер базасы құрылды.
Ұлттық комиссияның сайтында және әлеуметтік желілерде консорциум мүшелерінің материалдары апта сайын жарияланып отырады.
Консорциум дәлелді саясатты ілгерілету және ғылыми білімдерді танымал ету бағытында жұмыстар жүргізуде. Бұл қоғамдық ақпараттандыру деңгейін арттырып, саналы шешім қабылдауға ықпал етеді.
Консорциум қазіргі заманғы зерттеулерге негізделген тиімді саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болуға, отбасы институтын нығайтуға және Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізуге ұмтылуда.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhastar-sayasat/press/news/details/663440
Репродуктивтік денсаулық апталығы
2024 жылдың 24–30 маусымы аралығында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен Қазақстанда Репродуктивтік денсаулық апталығы өтті.
Бұл іс-шараға Ұлттық және өңірлік комиссиялардың мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен аймақтық басқармалар, жастардың денсаулық орталықтары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар атсалысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың репродуктивтік денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Апталық аясында ақпараттық-насихат жұмыстары, ашық есік күндері, челлендждер, жасөспірімдерге тегін тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылды. Іс-шаралар репродуктивтік денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің алдын алу әдістері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралуы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі туралы ақпаратты халыққа жеткізуге бағытталды.
Жастар мен жасөспірімдер, репродуктивті жастағы ерлер мен әйелдер, сондай-ақ медицина және білім беру саласының қызметкерлері негізгі мақсатты аудитория болды. Барлығы ел бойынша 10 000-нан астам іс-шара өткізіліп, 300 000-нан астам адам қамтылды. Оның ішінде 40%-ы – жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігі бағытында ең жоғары қамту Алматы, Абай, Алматы облысы, Қарағанды және Түркістан облыстарында, ал әкімдіктер бағытында Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Абай, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
ЮНФПА қолдауымен халықаралық Y-PEER еріктілер желісі апталықтың насихатталуына белсенді қатысты. Әлеуметтік желілерде ағартушылық материалдар жарияланып, жыныстық білім берудің маңыздылығына арналған тренингтер өткізілді. Y-PEER желісі 11 155 адамды онлайн, 72 адамды офлайн тренингтер мен адвокация арқылы қамтыды.
Апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде Ұлттық комиссияның сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар репродуктивтік денсаулықты сақтау және нығайту бойынша ұсыныстар пакетін дайындады.
https://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/162184-voprosy-reproduktivnogo-zdorovya-naseleniya-obsudili-eksperty-natskomissii
https://www.youtube.com/watch?v=T4OGU0Aof-k