Ultcom KZ

Жас саяхатшылар этноауылда жүр

Бүгінде «Туған елге саяхат» пойызының биылғы алғашқы кезеңіне қатысушы 200 бала Алматыда жазғы каникулында суға түсіп, Алатау баурайындағы оңтүстік шаһардың әсем жерлерімен танысуда. Әсіресе, балаларға этноауылда қазақ халқының бай дәстүрімен танысу ерекше әсер етті.
Жалпы, 27 маусым елордадан шығып, Бурабайда болып үлгерген 10-15 жас аралығындағы өскелең ұрпақ өкілдерін алда әлі Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарының мәдени-тарихи орындары тосып тұр. Сонымен бірге балалар сапар бойы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосып, экологиялық өмір салтын қалыптастырады.
Екінші кезеңде тағы 200 өрен тура осы бағдармен 12 күн саяхаттайтын болады.
2024 жылы балалардың жартысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден қарастырылса, жартысы Қордың өндірістік кәсіпорындарынан.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен іске асырылуда.