Ultcom KZ

Ұлттық Комиссия Төрағасы Аида Балаева #Анашым атты флешмоб бастады

Еліміздегі мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылды. Ол енді мамырдың екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.

Осы мерекеге орай Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева өзінің әлеуметтік желілерінде #Анашым хештегімен аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықты білдіруге шақыратын флешмобты бастады. "Осы ерекше күні аналарымызға біздің шексіз сүйіспеншілігімізді сезінуге және олардың баға жетпес маңыздылығын көрсетейік.", — деп Төраға өзінің әлеуметтік желілерінде жазды.