Ultcom KZ

Ақмола облысының тұрғындарына бірден 2 концерт ұйымдастырылады

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Чкалово бекетінде тұрған «Саламатты Қазақстан» пойызының медицина қызметкерлері өткен апта, яғни 22-28 шілде аралығы 2017 адамның денсаулығын қараса, олардың 344-і бала болып отыр. Жылдымалы құрамдағы медиатор мен заңгер мамандар болса, тиісті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша 93 тұрғынға тегін кеңес берді.

Осы орайда 2-3 тамыз күндері Ақмола облысының Макинка және Ақкөл станциялары мен олардың маңайындағы ауылдар халқына жоба демеушілері тарапынан пойыз қасында республикалық деңгейдегі өнер қайраткерлерінің қатысуымен қайырымдылық концерттері ұйымдастырылатынын атап өткен жөн.

Мамыр айының басында сапарға шыққан пойыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болды. 31705 қазақстандықты (оның ішінде 9759 бала) ақысыз медициналық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбегінен тыс, медиатор мен заңгер 1777 арызды қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек дауларын шешуге күш салды.

Пойыз вагондарында қабылдау 13:00-14:00 түскі үзіліспен сағ. 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті.

«Көбінесе шалғай ауылдарда ауруханалар болмайды және тұрғындардың барлығы үнемі аудан орталығына бара алмайды. Оның үстіне биыл, баршаңызға белгілі, бірқатар өңірді су алып, қиындық туындады. Ал медициналық пойыз жағдайында балаларды қаратып, ересектердің өздеріне де мамандардан бірден кеңес алудың жақсы мүмкіндігі бар. Пойызға ең заманауи медициналық жабдықтар қойылып, тіпті шағын оталар жасау жағы қарастырылған», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Әлеуметтік жобаҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда.