18 маусымда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында дөңгелек үстел өтті
18 маусымда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге аудан әкімінің М.Табылдин, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Р.Молдашева, облыстық әйелдер істері жөніндегі комиссияның өкілдері және мектептер, психологтар, дәрігерлер мен кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар қатысты.