ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері Қытай Елшілігінің шақыруымен семинарға қатысып, Қазақстанның гендерлік саясат саласындағы тәжірибесі мен тәсілдерін таныстырды.
Семинардың ашылуында Ұлттық комиссияның хатшысы Гаухар Нұрахметова сөз сөйлеп, халықаралық диалог пен тәжірибе алмасу әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі ұлттық басымдықтарды одан әрі нығайту үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Спикерлер қатарында Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь және ақ «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы және Қазақстандағы елдік кеңсенің өкілі Джерен Гювен Гурес болды. Қошемет сөздерінде Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық және әлеуметтік саладағы стратегиялық ынтымақтастығы тұрақты дамып келе жатқаны және жаңа бастамалармен толысып отырғаны айтылды.
Арнайы назар 2025 жылы 30 жылдығы аталып өтіп отырған Пекин декларациясына аударылды. Қазақстан 1995 жылы декларацияға қосылып, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңдікті нығайту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Ұлттық комиссия бұл саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда үйлестіруші рөл атқарады.
Семинардың соңында қатысушылар өзара құрмет, стратегиялық сенім және әйелдердің құқықтарын алға жылжытуға ортақ міндеттемелерге негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы үш онжылдық серіктестіктің сәтті нәтижелерін атап өтті және ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.
Семинарға дипломатиялық корпус, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты