15 мамыр күні Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің, медицина саласының мамандары, салалық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова өз сөзінде:
«Халық денсаулығы – ортақ жауапкершілік. Біз бұл жауапкершілікті бір-бірімізге жүктемей, әр тараптың күшін біріктіріп әрекет етуіміз қажет. Бұл бастаманы көтеріп отырған – Ұлттық комиссия. Қоғам тарапынан оған деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Апталықтың басты мақсаты – халықты репродуктивті денсаулық жайлы ақпараттандыру және профилактикалық тексерулерге ынталандыру», – деп атап өтті.
Іс-шара барысында еліміздегі әйелдердің репродуктивті денсаулығы саласындағы өзекті сын-қатерлер, үрдістер мен шешімдер жан-жақты талқыланды.
Алдын алу, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар мен заманауи медициналық қызметтердің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.
Көтерілген негізгі тақырыптардың қатарында – репродуктивті денсаулықты қорғаудың заманауи тәсілдері, әлеуметтік факторлардың әсері, контрацепция әдістері туралы халықтың хабардарлығын арттыру және барлық жастағы әйелдердің денсаулығына бағытталған кешенді стратегиялардың қажеттілігі болды.
Кездесу аясында Парламенттік бастамалар да айтылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов адамның папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бағдарламасын кеңейтіп, оған ерікті түрде ұл балаларды да қосу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы жүктілікті азайту, генетикалық ауруларды ерте анықтау жүйесін нығайту және егде жастағы әйелдердің денсаулығын қолдау мәселелері де қозғалды.
Кездесуді ұйымдастырушы әрі модератор, Ұлттық комиссия мүшесі Назым Жаңғазинова өз сөзінде апталық аясындағы өңірлік жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, халықпен және жастармен болған кездесулерде медициналық қызметтерге қолжетімділік, алдын алудың маңызы мен АПВ-ға қарсы вакцинация қажеттілігі ашық әрі еркін талқыланған.
Ашық пікір алмасу репродуктивті денсаулық тақырыбындағы табу мен үнсіздікті жоюдың маңызын, жастар арасындағы ағартушылық жұмысты күшейтудің және ер адамдарды да осы тақырыпты талқылауға, шешуге тартудың өзектілігін көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әйелдердің денсаулығына қатысты бастамаларды жүйелі ілгерілету үшін мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру қажет екенін атап өтті.