Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Жұлдыз Сүлейменованың кәсіби жолы білім саласымен тығыз байланысты. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде оқып, кейін философия және саясаттану саласында білімін жалғастырып, 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Студенттік жылдарында ҚазҰУ-дың өзін-өзі басқару ұйымын басқарған ол, ерте кезден жастар қозғалыстары мен қоғамдық бастамалардың көшбасшысы ретінде танылды.
Еңбек жолын оқытушылықтан бастаған Жұлдыз Сүлейменова кейін жастар ісі жөніндегі комитетті басқарды, «Жас Отан» жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды. Оның тәжірибесі мектеп пен жоғары оқу орындарындағы ұстаздық пен тәрбие жұмыстары, университеттердегі басқарушылық қызметтер арқылы қалыптасты. 2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылымында еңбек етіп, 2019–2021 жылдары Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ директоры қызметін атқарды.
Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде ол заң шығару жұмыстарына белсене қатысып, жастар саясаты, білім беру және әлеуметтік саладағы бірқатар бастамаларды көтерді.
Ал Ұлттық комиссия мүшесі ретінде білім беру жүйесін жетілдіру, жастардың әлеуетін арттыру, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету және отбасы институтын қолдау бағытындағы ұсыныстар әзірлеуге атсалысты.
Ұлттық комиссия Жұлдыз Сүлейменованы жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысында табыс тілейді.