Ultcom KZ

25 қазан – Қазақстанның жаңғыру жолындағы тарихи белес

Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздікке деген берік сенімін, ел бірлігі мен мемлекетшілдік мұратын айшықтайтын айрықша мереке. Республика күні – жай ғана күнтізбедегі дата емес, ол – мемлекеттігіміздің негізін айқындаған, ұлттық рухымызды көтерген, ел тағдырында жаңа дәуірдің бастауы болған тарихи оқиға.

Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен татулықты, сыйластық пен өзара сенімді дәріптейтін мемлекет. Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам, отбасы және ұрпақтар сабақтастығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ұлттық комиссия қоғамдағы әйелдердің әлеуетін арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту және бала құқығын қорғау бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Себебі берік отбасы – мықты мемлекеттің тірегі, ынтымағы жарасқан әрбір шаңырақ – елдің жарқын болашағына қосылған үлес.

Мереке күні әрбір отбасының төріне шаттық пен береке орнасын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Республикамыздың мәртебесі мәңгі биік болғай!

Республика күні құтты болсын!